Акцияның мақсаты экологиялық мәдениетті, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыру болды.
Акция қатысушылары, еріктілер және бей-жай қарамайтын азаматтар халық арасында танымал «Жеңіс» және «Майская роща» саябақтарын тазартты.
Сондай-ақ, акциямен Облыстың басты су артериясы Талас өзені қамтылған, онда жағалау аумағы мен іргелес тоғай тазартылған.
Халықпен бір мезгілде коммуналдық қалдықтар айналымы мәселелері бойынша ауқымды түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Азаматтарға буклеттер тарата отырып, абаттандыру қағидалары, қоқыстарды орналастыру, қалдықтарды шығару жөніндегі мамандандырылған ұйымдардың қызмет көрсету тәртібі түсіндірілді.
Акцияға қатысушылар заң мен қоғамдық нормаларды құрметтеудің маңыздылығын өз мысалымен көрсетті.
Сондай-ақ, осы акция барлық азаматтарды біздің өңірдің тазалығы мен сұлулығын сақтау жөніндегі бастамаларға қосылуға шақырды.