Табиғатты қорғау мен орман ресурстарын сақтау – бұл тек бір саланың емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Осы бағытта аянбай еңбек етіп жүрген орман шаруашылығы мекемелеріне материалдық қолдау көрсету – мемлекетіміздің басты назарында.
Осыған орай, ағымдағы жылы орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылған. Аталған қаржыға патрульдеу автокөліктерін, рациялық байланыс құралдарын, пилотсыз ұшу аппараттарын және қосалқы агрегаттар алу жоспарланған.
Бүгінгі таңда 6 бірлік патрульдеу автокөліктері сатып алынып, бірқатар мекемелерге көлік құралдары табысталды.
Алдағы уақытта рациялық байланыс құралдары, пилотсыз ұшу аппараттары және қосалқы агрегаттар алынатын болады.