Құтты болсын, Жамбыл облысы!

Құтты болсын, Жамбыл облысы!

Көкпардан жастар арасында ұйымдастырылған Қазақстан Республикасының чемпионатында Жамбыл облысы құрамасы топ жарды.

Жамбылдықтар финалда Шымкент қаласынан 5:4 есебімен басым түсті. Ойынның негізгі уақыты тең аяқталып, Асен Арнұр «алтын салым» салды.

Бұл әулиеаталық жастардың ел чемпионатындағы 9-шы жеңісі.

Жамбылдықтардың көкпардан жастар арасындағы Қазақстан чемпионатындағы жолы:

✅ 5:4 vs Түркістан облысы
✅ 9:2 vs Жетісу облысы
✅ 6:3 vs Алматы облысы
✅ 5:4 vs Шымкент қаласы.

Есжан Құрманбай баптаған құрам Талғарда өткен дода өз мықтылықтарын дәлелдеді.