Рахат Қалжан Азия чемпионатының қола жүлдегері

Рахат Қалжан Азия чемпионатының қола жүлдегері

Жамбылдық еркін күрес шебері Рахат Қалжан Иордания астанасында өтіп жатқан еркін күрестен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Ол 57 кг дейінгі салмақта жүлде жолында Хусейн Худхур Ясимнен (Ирак) басым түсті. Есеп: 8-6.

Еске сала кетейік, Рахаттың ересектер арасындағы сары құрлық чемпионатындағы 3-жүлдесі. Ол 2022 жылы Ұлан-Батырда күміс, 2023 жылы Астанада қолаға ие болған болатын.