СУ ДОБЫНАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ

СУ ДОБЫНАН АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ

Бангкок қаласында (Тайланд) 7 қараша басталған су добынан Азия чемпионаты бүгін өз мәресіне жетті (7-14 қараша). Жалпы сары құрлық бәсекесінің жүлдесіне ең мықты деген Қазақстан, Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония, Сингапур және жарыс қожайыны Тайланд құрамалары таласқан болатын. Ойындар айналмалы жүйе бойынша өтіп, жартылай финалға төрт құрама жолдама алған-ды.

Ақтық ойында бақ сынау мүмкіндігі сарапқа салынған сында Жапониялық құрамға есе жіберді. Ал қола жүлде үшін болған кездесуде жарыс қожайыны Тайландтық командадан 14-6 есебімен басым түсіп, Азия чемпионатының қола жүлдесін еншіледі.

 Сонымен қатар, 2023 жылдың мамыр айында Жапонияның Фукуока қаласында өтетін Әлем чемпионатында ел намысын қорғау құқығына ие болды.

Сондай-ақ, Муравьева Дарья су добынан Азия чемпионатының «ҮЗДІК ШАБУЫЛШЫСЫ» атанды.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасының құрама командасы толығымен 100% пайыз Тараздық «Айша бибі» су добы клубынан құралған.

Азия чемпионатының жеңімпаз жүлдегерлері:

I орын: Қытай

II орын: Жапония

III орын: Қазақстан