СЕРІКБОЛСЫН БАБАЖАН ҚҰСБЕГІЛІКТЕН ТҰҢҒЫШ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

СЕРІКБОЛСЫН БАБАЖАН ҚҰСБЕГІЛІКТЕН ТҰҢҒЫШ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

Абай облысы Үржар ауданында Құсбегіліктен тұңғыш әлем чемпионаты аяқталды. Аталған чемпионатқа әлемнің жеті елінен 100-ден аса спортшы өз бақтарын сынады.

Байрақты бәсекеге Қазақстан, Моңғолия, Қырғызстан, Түркия, Ресей, Украина, Қытай елдерінен 61 бүркіт, 20 қаршыға, 15 ителгі қатысты. Әлем біріншілігінде спортшылар "бүркіт", "қаршыға", "ителгі" бойынша сынға түскен-ді.

Бүркіт салу сайысында Жамбыл облысы, Меркі ауданының спортшысы Бабажан Серікболсын құсбегіліктен тұңғыш әлем чемпионатының жеңімпазы атанды.