
Спорт күні - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2003 жылдың 15 қарашасындағы Жарлығына сәйкес тамыз айының үшінші жексенбісінде атап өтіледі.
Бүгін Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында Қазақстан Республикасының спорт күні кәсіби мерекесіне орай бірқатар жаттықтырушылары мен спорт саласының мамандары марапатталды.
Атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісіне М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Спорттық пәндер әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Шонов Еркін Шәйбекұлы және Жамбыл облысы Байзақ ауданы С.Абланов атындағы орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Умбетбаев Эржан Жалғасұлы ие болды.
«Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен № 5 ОМБЖСМ басшысы Сапашев Бахытжан Жақсылықұлы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Спорттық пәндер әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы Бекнурманов Нурлан Сайлаубекұлы марапатталды.
«Құрмет грамотасымен» Басқарманың әкімшілік және мониторинг жүргізу бөлімінің басшысы Талғарбаева Меруерт Алтынбекқызы, № 3 ОМБЖСМ басшысы Бейсен Алмас Серікбайұлы, Шу ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысы Мауленов Қасымхан Шатырханұлына марапатталды.
«ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН»:
Назымбеков Ғани Келесұлы
Ералиев Айдамир Серікұлы
Кемельбеков Рахимбек Пошенұлы
Кырбасов Нуркен Турарбекұлы
Анаркулов Болатбек Абдешұлы
Жандарбеков Галымжан Уресбайұлы
Абдразаков Марат Муршитұлы
Алиев Фамил Сулейманұлы
Аузбаев Берик Айтбайұлы
Рыжкова Ульяна Владимировна
Артыков Асхат Артыкұлы
Дубаев Пернебек Атыхайұлы
«ОБЛЫС ӘКІМІНІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН»:
Узақбаев Жомарт Жарылқапұлы
Джанбосынов Бакберген Жорабекұлы
Гирда Александр Викторович
Нұрмағамбетов Ахметжан Боранбайұлы
Ережепбаев Асылжан Баймахамбетұлы
Бериков Максат Канатұлы
Найзабеков Нұрсұлтан Рысбекұлы
Жексембиев Нурбол Жоланұлы
Парымбекова Гульнура Дуанбаевна
Байзаков Асылжан Жакипұлы
Хабибуллаев Дамир Габидуллаұлы
Отыншиев Сериккали Абзелбекұлы
Жолдасбеков Нуржан Кребекұлы
Жумагулов Темирхан Адилханұлы
Сонымен қатар дене шынықтыру және спорт басқармасының Алғыс хаты бірқатар қызметкерлерге тапсырылды.