Бүгін Марафоншы Жақсылық Мамырбекұлы (67 жаста) немерелерімен бірге Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнап 30 шақырым жүгірді.
Ерте таңнан басталған жеңіл атлетикалық жүгіріс «Тектұрмас» этно-тарихи кешенінен бастау алып бекітілген жүгіру бағытына сәйкес өтіп, Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайы алаңында аяқталды.
«Бұл Тұғырлы мерекеміз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына тартуым" дейді 30 шақырым қашықтықты жүгіріп өткен Жақсылық Мамырбекұлы.