Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында 1-4 желтоқсан күндері дзюдодан көру қабілеті төмен спортшылар арасында Ашық Азия және Мұхит аралдар чемпионаты өткен болатын.
Сарыарқа төріндегі жарыс жүлделерін Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы және Қазақстанның спортшылары сарапқа салды.
Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының татами шеберлері 1 алтын, 2 күміс олжалады.
Жұмаділ Бақытжан (60 кг) жеңімпаз атанса, Жұмаділ Ғалымжан (66 кг) мен 81 келіде өнер көрсеткен Омарбеков Керімжан күміске ие болды,
Спортшыларды дайындаған жаттықтырушылар: Лукманов Хайрулла Ануарбекұлы және Тюлепбергенев Ержан Жамелович.