ЕЛНҰР СҮЙІНБАЙ АЗИЯ ҚҰРЛЫҒЫНЫҢ ҮЗДІК БОКСШЫСЫ

ЕЛНҰР СҮЙІНБАЙ АЗИЯ ҚҰРЛЫҒЫНЫҢ ҮЗДІК БОКСШЫСЫ

Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Дубай қаласында бокстан жастар арасында өткен  Азия чемпионаты аяқталды.

Ұлттық құрама сапында шаршы алаңға көтерілген жамбылдық ЕЛНҰР СҮЙІНБАЙ 63,5 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионы атағына қол жеткізді. Сондай-ақ, жарыс қорытындысы бойынша АЗИЯ ҚҰРЛЫҒЫНЫҢ ҮЗДІК БОКСШЫСЫ атағын иеленді.

 Айта кетейік, жастар арасындағы Азия бірінішілігінде Қазақстандық былғары қолғап шеберлері сегіз алтын, екі күміс және екі қола медаль жеңіп алып, жалпы командалық есепте жеңімпаз атанды.