ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН CПОРТШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ

ЕСТУ ҚАБІЛЕТІ ТӨМЕН CПОРТШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ

Грек-рим және еркін күрестен Стамбул (Түркия) қаласында есту қабілеті төмен cпортшылар арасындағы Әлем чемпионаты өз мәресіне жетті.

2021 жылдың 3-8 шілде аралығында Стамбул (Түркия) қаласында грек-рим және еркін күрестен есту қабілеті төмен жастар және ересектер арасында Әлем чемпионаты жалауын желбіреткен болатын.

 Чемпионатқа барлығы 11 мемлекеттен 320-ға  жуық спортшы қатысты.

Қазақстан Республикасының намысын сурдлимпиадалық құрама командасынан күрестің екі түрінен 30 спортшысы қорғады,  Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубынан 9 спортшы қатысты.

 Әлем чемпионатында ұлттық құрама сапында күш сынаған  жамбылдық спортшылар тізімі:

 

Бекжанов Елдос (жастар, грек-рим күресі);

 

Ансабек Рауан (ересектер, грек-рим күресі);

 

Асан Нұржан (ересектер, грек-рим күресі);

 

Кокамбаев Жан (жастар, еркін күресі);

 

Тұрғынбай Ғасыр (ересектер, еркін күресі);

 

Дүйсембиев Нұрсултан (ересектер, еркін күресі);

 

Жамбыл Әділет (ересектер, еркін күресі);

 

Сабитов Бағдат (ересектер, еркін күресі);

 

Әлдибаев Шыңғысхан (ересектер, еркін күресі).

Байрақты бәсекенің қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасы грек-рим күресінен 1 күміс, 4 қола медальдарға қол жеткізсе  ал,  еркін күрестен 1 алтын, 1 күміс, 5 қола жүлдеге ие болды.

 Жамбыл облысының боз кілем шеберлері еркін күрестен ересектер арасында Дүйсембиев Нұрсұлтан 61 келіде күміс жүлде иеленсе,  70 келіде Жамбыл Әділет, 74 келіде Тұрғынбай Ғасыр және 79 келіде белдескен Сабитов Бағдат  үшінші орынға табан тіреді.

Спортшыларды дайындаған, еркін күрестен Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы, ҚР Сурдлимпиадалық еркін күрестен аға жаттықтырушы Қонысбаев Ерназар Дүйсенұлы.