ҒАЛЫМЖАН ҚЫРЫҚБАЙ "ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ" ТУРНИРІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

ҒАЛЫМЖАН ҚЫРЫҚБАЙ "ҚАЗАҚСТАН БАРЫСЫ" ТУРНИРІНІҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Әулиеаталық барыс ақтық сында Шығыс Қазақстан облысының балуаны Дәурен Нуралиновке есе жіберді. Қола белбеуді Маңғыстаулық боз кілем шебері иеленді.

Елордадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі мәресіне жетті. Осымен оныншы мәрте ұйымдастырылған бәсеке ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы, Қажымұқан Мұңайтпасұлының 150 жылдығымен тұспа тұс келіп отыр. Биылғы сайысқа әр өңірден үздік шыққан 37 балуан күш сынасты. 

Айта кетейік, Жеңімпаз атанған Барысқа  25 млн теңге және алтын белбеу мен алтыннан құйылған ауыспалы «тайтұяқ» табысталды. Екінші орынға 5 млн 500 мың теңге және үшінші орынға 1 млн 800 мың теңге, сәйкесінше күміс және қола белбеулермен марапатталды.