ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ

ВОЛЕЙБОЛДАН ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЧЕМПИОНАТЫ

Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында 22-29 маусым күндері волейболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын. Ел біріншілігіне іріктелген 16 құрама, жалпы саны 192 спортшы Жамбыл төрінде күш сынасты.

 Аптаға созылған доп додасында алматылық Жетісу командасы жеңімпаз атанса, жергілікті Тараз құрамасы ақтық сында сәттілік серік болмай күмісті қанағат тұтты, ал үздік үштікті Ақтөбелік құрам түйіндеді.