ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚҰРАМАСЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚҰРАМАСЫ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ

2021 жылдың 22-28 маусым күндері Петропавл қаласында 2003-2004 жылдары туған жасөспірімдер арасында волейболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты жалауын желбіреткен болатын. Байрақты бәсекеде жерлестеріміз топ жарды.

 Алтын жүлде жолындағы алғашқы ойынды Орал құрамасына қарсы 3:0 есебін тіркеп жеңісті жолды бастаса, келесі ойында Сайрам командасына қарсыда  дәл осы нәтижені сәтті қайталаса, сондай-ақ Қарағанды және Қостанайлық құрамаларданда айласын асыра білді. Жергілікті  Петропавлдық құрамды 3:1 есебімен ұтса, аса тартысты турнирдің үздік ойынына баланған Түркістанмен арадағы ойындада әулиеаталық спортшылардың мерейі  үстем болып жеңімпаз атанды.

Айта кетерлігі, бұл жасөспірімдеріміздің Қазақстан Республикасы чемпионаттарында қатарынан үшінші рет алтыннан алқа тағынуы. Бұған дейін 2019 жылы Шымкент шаһарда және оңтүстік астанамыз Алматы қаласында жеңімпаз атанған болатын.