ӘЛЕМ КУБОГІНІҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СЕРИЯСЫ

ӘЛЕМ КУБОГІНІҢ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СЕРИЯСЫ

2021 жылдың  17-20  маусым күндері пара жүзуден  Берлин (Германия) қаласында паралимпиадалық жүзушілер арасында Әлем Кубогінің Дүниежүзілік сериясы өткен болатын.  Жарысқа әлемнің 49 елінен және Германияның жергілікті  25 клубынан  400-ге жуық спортшы  қатысты.

 Байрақты бәсекеде Қазақстан Республикасының Ұлттық паралимпиадалық құрама командасы мен еліміздің басқада өңірлерінен жалпы саны 14 спортшы  бақ сынады. Ел құрамасы сапында әулиеаталық Зульфия Габидуллина мен  Жұмағали Нұрдаулет өнер көрсетті.

 Габидуллина Зульфия 100 метрге еркін жүзу  Мастерс санаты сайысында,  150 метр кешенді жүзу қашықтығының Мастерс санатында жеңімпаз атанса,  50 метрге арқада жүзу Мастерс санатында екінші  орынды иеленді. Жарыс нәтижесі бойынша  3 алтын, 1 күміс жүлде еншіледі.

Сонымен қатар, Жұмағали Нұрдаулет 4х50 метр аралас (комбинированная) эстафетасында  алтыннан алқа тағынды. Сондай-ақ, барлық класстар арасындағы абсолюттық «А» финалынының 100 метр қашықта және ерлер арасындағы 4х100 метр еркін жүзуде екінші орынды иеленді.  Сайыстар қорытындысы бойынша 1 алтын, 2 күміс медальдарға қол жеткізді.

 Жұмағали Нұрдаулет халықаралық 13 классын алып, 2021 жылдың 17 тамыз - 9 қыркүйек аралығында өтетін төртжылдықтың басты спорттық додасы Токио (Жапония) XVI жазғы Паралимпиада ойындарында ел намысын қорғауға мүмкіндік алды.

  Жалпы жарыстың екі күндік қорытындысы бойынша, пара жүзуден ҚР Ұлттық паралимпиадалық құрама командасының қоржыны 10 алтын, 8 күміс және 5 қола жүлдемен толықты. Сонымен қатар бір Азия құрлықтық   РЕКОРДЫ орнатылды.