ӘЛЕМДІК ГРАН-ПРИ СЕРИЯСЫ

ӘЛЕМДІК ГРАН-ПРИ СЕРИЯСЫ

2021 жылдың 6-14 ақпан  күндері Дубай (БАӘ) қаласында 52 мемлекеттен 471 спортшы қатысқан жеңіл атлетикадан тірек-қимыл аппараты зақымданған  және көру қабілеті төмен спортшылар арасындағы «Дубай 2021» Әлемдік Гран-При серия жалауын желбіреткен болатын.

Аталған жарысқа Қазақстан Республикасының Ұлттық құрамасынан 22 спортшы қатысып 1 алтын, 4 күміс және 6 қола жүлде еншіледі. Команда сапынан Жамбыл облысының Дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының мүшелері жеңіл атлетикадан халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Әбілхасымқызы Салтанат 100 метр жүгіруде алтыннан алқа тағынса, ал 200 метр сайысында күміс жүлдегер атанды, сонымен қатар Яковлева Анастасия 100 және 200 метр қашықтыққа  жүгіруден қола медаль иеленді.

Әрбір чемпионның, әрбір атлеттің жетістігі жаттықтырушымен тікелей байланысты. Әлемдік Гран-при жарысында атой салған спортшылардың бапкері - Мамашаев Тахир Рахимович