Жамбылдық былғары қолғап шеберлері жеңімпаз атанды

Жамбылдық былғары қолғап шеберлері жеңімпаз атанды

2021 жылдың 17-- 24 қаңтар аралығында оңтүстік астанамыз Алматы қаласында бокстан 2003-2004 жылы туған жастар арасында жалауын желбіреткен Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті. Аталған бәсекеде еліміздің 14 облысы, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларынан 11 салмақ дәрежесі бойынша 221 былғары қолғап шебері кім мықтыны анықтады. Чемпионатқа Жамбыл обылысынан 14 боксшы қатысып, 2-алтын, 2-күміс, 4-қола жүлдеге қол жеткізіп, жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді:
Облыс құрамасы сапында өнер көрсетіп жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар тізімі:
І орын Сүйінбай Елнұр (60 кг)
І орын Бабаханов Сұлтан (75 кг)
ІІ орын Мейрам Болашақ (91 кг)
ІІ орын Анарбаев Әлмерей (+91 кг)
ІІІ орын Абдраман Бекзат (46 кг)
ІІІ орын Піралі Бекзат (56 кг)
ІІІ орын Асылхан Айбол (64 кг)
ІІІ орын Бабаханов Тохтасын (69 кг)
Айта кетейік аталған чемпионатта жеңімпаз және жүлдегер атанған спортшылар ел құрамасы сапында халықаралық додаларда өнер көрсететін болады.