Мерекеге орай спорттық нысандар ел игілігіне берілді  

Мерекеге орай спорттық нысандар ел игілігіне берілді   

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне орай Тараз қаласында  заманауи спорттық-сауықтыру кешендері ашылып, ел игілігіне берілді.

Кешендердің  бірі Қаратау ықшамауданында тұрғызылды. Ол №3 облыстық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне тиесілі. Ал  екінші нысан Шалғай Қарасу массивіндегі тұрғындарға тарту етілді. Аталған су жаңа нысан "Жекпе-жек" кәсіпқой спорт клубының балансына берілді.

Заманауи спорт нысанында әмбебап залдар, күрес және жаттығу залдары жұмыс жасайтын болады. Және де  түрлі деңгейдегі қалалық облыстық, республикалық жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді.

Шараға арнайы қатысқан өңір басшысы Бердібек Сапарбаев тұрғандарды тәуелсіздік мерекесімен және спорт кешенінің ашылуымен құттықтады. Сонымен қатар нысандардың ашылу салтанатына ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы Жұмахан Нұғыманов пен дзюдодан Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, Әлем чемпионы Елдос Сметов қос қуанышқа ақжарма тілектерін арнады.

Өңірде спорттық-материалдық базаның нығаюы дене шынықтыру және спортпен айналысушылар санының өсуіне оң әсерін тигізері сөзсіз.