БОКСТАН ЕЛ БІРІНШІЛІГІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

БОКСТАН ЕЛ БІРІНШІЛІГІ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

2020 жылдың 20-25 қараша күндері Шу қаласы «Тарлан» спорт кешенінде 2006-2007 жылдары туған кіші жасөспірімдер арасында өткен ел біріншілігі аяқталды. 18 салмақта былғары қолғап шеберлері шаршы алаңға шығып, үздіктердің есімдерін анықтады.

Шу қаласында керілген шаршы алаң бәсекесінің қорытындысы бойынша Жамбыл облысы құрамасы 2 алтын, 6 күміс, 7 қола медаль иеленіп жалпы командалық есепте үшінші тұғырға жайғасты. Өңір құрамасы сапынан алғашқы алтын жүлдені Қуанышбек Мағжан (40 кг ОРОММИК) иеленсе, жарыстың үздік боксшысы мен +74 келінің чемпиондық атағы Бексұлтанов Мадиярға (Шу ауданы)  бұйырды.

Аталған байрақты бәсекеде Сәкен Ермек (46 кг Тараз қ. №6 ОМБЖСМ), Боранбек Бексұлтан (42 кг Жуалы ауданы), Тұрғын Ескендір (50 кг Жуалы ауданы) Даут Моллахасанов (52 кг Тараз қ. №6 ОМБЖСМ), Асқар Қуаныш (54 кг Тараз қ. №6 ОМБЖСМ), Есжан Сатыбалды (58 кг Қаратау қ.), ақтық сында қарсыластарына есе жіберіп күміс жүлдегерлер атанды. Ел біріншілігінің қола жүлдесіДосымжан Таңатар (34 кг Т. Рысқұлов ауданы),  Рамазан Орынбасар (36 кг Тараз қ. №6 ОМБЖСМ), Алинұр Кеңесбек (36  кг Қордай ауданы),  Дархан Жаңабек (40 кг Тараз қ. №6 ОМБЖСМ), Абдуали Жаныбекұлы (48 кг Тараз қ. №6 ОМБЖСМ), Көшербай Асылхан (52 кгТараз қ. №6 ОМБЖСМ), Бейбарыс Өзібек (70 кг Тараз қ. №6 ОМБЖСМ) сынды былғары қолғап шеберлеріне бұйырды.