Грек-рим күресінен ел жеңімпаздары анықталды

Грек-рим күресінен ел жеңімпаздары анықталды

Бүгін Алматыда грек-рим күресінен Қазақстан чемпионаты өз мәресіне жетті. Облыс құрамасы сапында жеңіл салмақта белдесетін Жансерік Сәрсенбиев (55 кг) ақтық сында, елордамызда өткен Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, құрама үздігі  Қорлан Жақаншаны 12:6 есебімен ұтып, Қазақстан Республикасының жеңімпазы атанды.

63 келіге дейінгі салмақта күрескен Сұлтан Әсетұлы финалда алматылық балуан Бағлан Жаханшадан басым түсті. Өңір намысын 97 келіге дейінгі салмақта қорғаған Мейрамбек Қордабай қола жүлде еншіледі. Жамбыл облысының құрамасы аталған жарысты 2 алтын 1 қола жүлдемен қорытындылады.