КҮРЕС ТҮРЛЕРІНЕН ЕЛ БІРІНШІЛІГІ

КҮРЕС ТҮРЛЕРІНЕН ЕЛ БІРІНШІЛІГІ

19-26 қараша аралығында Алматыдағы «Достық» спорт кешенінде күрес түрлерінен Қазақстан Республикасының чемпионаты өтуде.

Аталған додада бірінші болып боз кілемде еркін күрес шеберлері белдесті. Үш күнге созылған еркін күрес шеберлерінің айқасында облыс құрамасы бір алтын екі қола жүлде еншіледі. Аса жеңіл салмақта күрескен Рахат Қалжан (57 кг) мен Нұрсұлтан Садық (65кг) жартылай финалда қарсыластарына  есе жіберіп, қола жүлде иеленді. Құрама үздігі Әлішер Ерғали (97 кг) қарсылас шақ келтірмей жеңімпаз атанды.

Айта кетейік, бүгін боз кілемде  бұрымды балуандарымыз өнер көрсететін болады.