Таразда өткен «Senat Open 2026» жартылай финалы өз мәресіне жетті

Таразда өткен «Senat Open 2026» жартылай финалы өз мәресіне жетті

Тараз қаласында «Senat Open 2026» ІІІ Ашық кубогының жартылай финалдық кезеңі өз мәресіне жетті.

Турнирге еліміздің барлық өңірінен іріктеліп келген әуесқой шахматшылар қатысып, республикалық финалға берілетін жолдамалар үшін бақ сынады. Жарыс аймақтық қағидат бойынша ұйымдастырылып, әр өңірдің үздік ойыншылары өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті.

Жартылай финал қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар 27 маусым күні Астана қаласында өтетін финалдық кезеңге жолдама алды.

Сонымен қатар, финалда ардагерлер, әйелдер, мәслихат депутаттары мен қызметкерлері, мемлекеттік қызметшілер, қоғамдық кеңес мүшелері, күштік құрылымдар, медицина, ғылым мен білім, мәдениет қызметкерлері және журналистер арасында арнайы номинациялар бойынша үздіктер анықталады.

Турнир қорытындысында Жамбыл облысының құрамасы жоғары нәтиже көрсетіп, командалық есепте І орынды иеленді.