Жамбыл облысының студенттері арасында «Jastar Fest–2026» облыстық фестиваль өтті

Жамбыл облысының студенттері арасында «Jastar Fest–2026» облыстық фестиваль өтті

Бүгін Жақсылық Үшкемпіров атындағы Тараз арена спорт сарайында «Жастар нашақорлыққа қарсы» ұранымен Жамбыл облысының студенттері арасында «Jastar Fest–2026» облыстық фестиваль өтті.

Ауқымды спорттық шараның мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту және нашақорлықтың алдын алу.

Фестиваль аясында қатысушылар жүзу, үстел теннисі, жеңіл атлетика, баскетбол 3x3, волейбол 3x3 және кіші футбол спорт түрлері бойынша өзара бақ сынасты.

Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы медальдар және дипломдармен марапатталды.