Спортшылар арасында құқық бұзушылық, суицид, буллинг және діни экстремизмнің алдын алу, сондай-ақ топтық тасымалдау кезіндегі қауіпсіздікті сақтау мәселелеріне арналған кеңейтілген отырыс өтті

Спортшылар арасында құқық бұзушылық, суицид, буллинг және діни экстремизмнің алдын алу, сондай-ақ топтық тасымалдау кезіндегі қауіпсіздікті сақтау мәселелеріне арналған кеңейтілген отырыс өтті

Бүгін спортшылар арасында құқық бұзушылықтың, суицидтің, буллингтің және діни экстремизмнің алдын алу, сондай-ақ спортшыларды топтық тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелеріне арналған кеңейтілген отырыс өтті.

Жиынға Жамбыл облысы полиция департаментінің басшылары, теолог маман, психолог, Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерінің дене шынықтыру және спорт бөлімдерінің басшылары, спорт мекемелерінің басшылары, спорт түрлері бойынша облыстың аға жаттықтырушылары қатысты.

Кеңейтілген отырыс барысында құқық қорғау және жауапты сала мамандары сөз алып, спортшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тәртіп бұзушылықтардың алдын алу, жасөспірімдер арасындағы психологиялық ахуалды жақсарту, буллингтің алдын алу және діни сауаттылықты арттыру бағытында нақты ұсыныстарын жеткізді.

Жиын қорытындысы бойынша спорт саласында тәртіп пен қауіпсіздікті күшейту, жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, психологиялық қолдауды жүйелі түрде ұйымдастыру және қауіптің алдын алуға бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыру қажеттігі атап өтілді.