
Әулиеата өңірінде кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Фируза Шарипованың жүлдесіне арналған қыздар арасындағы республикалық турнирдің салтанатты ашылу рәсімі жоғары деңгейде өтті.
Айтулы жарыстың негізгі мақсаты — елімізде әйелдер боксын дамыту, салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау және әр өңірден жиналған жас спортшылардың шеберлігін шыңдап, болашақ чемпиондарды анықтау. Сонымен қатар, турнир жас былғары қолғап шеберлерінің тәжірибе алмасуына, өзара бәсекелестік арқылы кәсіби деңгейін арттыруына зор мүмкіндік берді.
Додаға еліміздің барлық облыстарынан іріктеліп келген үздік спортшылар қатысып, өз бақтарын сынады. Қатысушылар әр жекпе-жекте жоғары дайындық пен табандылықтың үлгісін көрсетіп, көрермендерге тартысты әрі қызықты кездесулер сыйлады.
Жарыс қорытындысы бойынша үздік шыққан спортшылар жеңімпаз және жүлдегер атанып, арнайы дипломдармен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұл турнир — жас спортшылар үшін үлкен тәжірибе алаңы ғана емес, болашақтағы биік белестерге бастар маңызды қадам болды.