Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Азия чемпионаты жүлдегерлеріне құрмет білдірді

Облыс әкімі Ербол Қарашөкеев Азия чемпионаты жүлдегерлеріне құрмет білдірді

Бүгін облыс әкімі Ербол Қарашөкеев бокстан Азия чемпионатының қола жүлдегері Әйгерім Сәттібаева мен грек-рим күресінен Азия чемпионы Алматбек Аманбекті, сондай-ақ олардың жеке жаттықтырушыларын қабылдады.

Ұлан-Батор қаласында өткен бокстан Азия чемпионатында 19 мемлекеттен 320-дан астам спортшы бақ сынады. Байрақты бәсекеде 48 келі салмақта өнер көрсеткен Әйгерім Сәттібаева жоғары шеберлік танытып, қола жүлдеге қол жеткізді.

Ал Бішкек шаһарында ұйымдастырылған күрес түрлерінен Азия чемпионатында 21 елден 324 спортшы қатысып, тартысты дода өтті. Осы жарыста Алматбек Аманбек грек-рим күресі бойынша 72 келі салмақта топ жарып, Азия чемпионы атанып, ел қоржынына алтын медаль салды.

Кездесу барысында облыс әкімі спортшылар мен жаттықтырушылардың қажырлы еңбегін жоғары бағалап, ел мерейін үстем еткен спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына қаржылай сертификаттар табыстады.