
Жамбыл облысында күрес түрлері федерациясының жаңа басшысы таныстырылды
Жиынға Қазақстан күрес федерациясының вице-президенті Сабыржан Мырзахметұлы Зайнидинов арнайы қатысты.
Жиын барысында федерацияның жаңа президенті таныстырылды. Ендігі кезекте өңірдегі күрес түрлерін дамыту жауапкершілігі мен тізгіні Алпамыс Бақытұлына сеніп тапсырылды.
Осы уақытқа дейін федерацияны басқарып, өңір спортының өркендеуіне елеулі үлес қосқан Әлімбек Әсембекұлы Жұмабаевқа зор алғыс білдірілді. Оның басшылығымен жас палуандарымыз талай байрақты бәсекелерде ел намысын абыроймен қорғады.
Басқосуда ұйымның алдағы даму стратегиясы талқыланып, күрес түрлерін облыс деңгейінде жаңа белеске шығару бойынша нақты міндеттер айқындалды.