Үздіктер марапатталды

Үздіктер марапатталды

2025-жылы елімізде командалық көкпардан 10-ға жуық республикалық жарыс өтті. Туризм және спорт министрлігі мен Көкпар федерациясы ұйымдастырған айтулы жарыстардың жылдық қорытындысы жасалды.

Нәтижесінде өткен жылы үздік болған спортшылар лайықты марапатқа ие болды.

Үздік қорғаушы - Асыл Елдос - Жамбыл облысы

Үздік ойыншы - Мәлімбай Ернат - Жамбыл облысы

Үздік жаттықтырушы - Құрманбай Есжан - Жамбыл облысы

Үздік команда - Момынов Нұрдәулет - «Әулие-Ата» кәсіпқой клубы» КММ директоры

Үздік шабуылшы - Жақсылық Ерғалым - Жамбыл облысы

Үздіктерге ҚР Көкпар федерациясы атынан арнайы диплом мен 500 000 теңгеден сыйақы берілді.

Марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз!!!