Бокстан Жамбыл облысы жасөспірімдер құрамасы жалпы командалық есепте Қазақстан чемпионатының жеңімпазы

Бокстан Жамбыл облысы жасөспірімдер құрамасы жалпы командалық есепте Қазақстан чемпионатының жеңімпазы

Алматы қаласында бокстан жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған Қазақстан Респуликасының чемпионаты өз мәресіне жетті.

Жамбыл облысы құрамасы сапында Оңалбек Нұрислам (57 кг), Жүніс Мейіржан (63 кг), Сүлеймен-Оглы Ислам (66 кг), Оразалы Нұрасыл (70 кг) Қазақстан чемпионатының жеңімпаздары атанса, Жақсылық Әбілмансұр (63 кг) күміс жүлдеге ие болса сондай-ақ, Ходжибаев Арыстан (60 кг), Алиев Алиимран (66 кг) ел біріншілігінің қоласына қол жеткізді.

Қазақстан чемпионатының «Үздік төрешісі» атағын жамбылдық Айдамир Ералиев иеленді.

Айта кетейік, Ермек Серкебаев жетекшілік ететін жасөспірімдер Алматыдағы Қазақстан Республикасының чемпионатында жалпы командалық есепте топ жарып, бірінші орынды иеленді.