
Алматы қаласында өткен ересектер арасындағы грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Қазақстан Республикасының чемпионаты жоғары деңгейде өтіп, өз мәресіне жетті. Еліміздің 20 аймағынан жиналған үздік балуандар бозкілемде бақ сынасып, шын мықтылар анықталды.
Осы дүбірлі додада Жамбыл облысының еркін күрес шеберлері 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлдемен командалық есепте Қазақстан чемпионатында топ жарды.
Еркін күрестен командалық есеп:
I орын: Жамбыл обл. - 135 ұпай
II орын: Алматы қ. - 112 ұпай
III орын: Алматы обл. - 96 ұпай
Жерлестеріміздің бұл жеңісі – өлкенің спорттық абыройын асқақтата түскен маңызды жетістік.
Чемпиондарымызды шын жүректен құттықтаймыз!