«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында облыс тұрғындары арасында велошеру өтті

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында облыс тұрғындары арасында велошеру өтті

Тараз қаласында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында облыс тұрғындары арасында кең ауқымды велошеру ұйымдастырылды. Шараның мақсаты – өңір халқын салауатты өмір салтына баулу және қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығын насихаттау.

Салтанатты ашылу рәсіміне Жамбыл облысының әкімі Ербол Шырақбайұлы Қарашөкеев арнайы қатысып, қатысушыларға сәттілік тілеп, жылы лебізін білдірді.

Жарыс екі санат бойынша өтті, 40 жасқа дейінгілер және 40 жастан жоғары қатысушылар.

Велошеру «Достық» орталық алаңынан басталып, «Қазақ хандығы» монументіне дейін жалғасты. Мәреге алғаш болып жеткен үздіктер жүлделі орындарға ие болды.

Айта кетейік, аталған велошеруге 300-ден астам спортсүйер тұрғын қатысып, белсенділік танытты.