Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан Республикасының Кубогы

Волейболды отырып ойнаудан Қазақстан Республикасының Кубогы

Ж. Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында волейболды отырып ойнаудан Қазақстан Республикасының Кубогының екінші кезеңі басталды.

Жарысқа Астана, Атырау, Ақтау, Орал, Жетісу, Алматы, Түркістан және Жамбылдан 80-ге жуық спортшы қатысуда.

Айта кетейік, аталған дода 5-ші қарашаға дейін жалғаспақ.