Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болған жамбылдық спортшыларды салтанатты күтіп алу рәсімі

Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болған жамбылдық спортшыларды салтанатты күтіп алу рәсімі

Бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында күміс жүлдеге ие болған жамбылдық спортшыларды салтанатты күтіп алу рәсімі өтті.

Ж. Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында ұйымдастырылған шараға ЖО әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшылық құрамы, спорт ардагерлер алқасының төрағасы, бокс жанкүйерлері мен спортшылар қатысты.

2025 жылдың 21-31 қазан аралығында Манама қаласында (Бахрейн мемлекеті) боксан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары өткен болатын.

Аталған жарыста Рүстембек Мұхамедәлі (+80 кг) және Қоңырат Елнура (+80 кг) жасөспірімдер арасында Азия ойындарының күміс жүлдесін иеленді.