Қазақ күресінен Азия чемпионаты

Қазақ күресінен Азия чемпионаты

Қазақ күресінен ересектер арасындағы Азия чемпионаты өз мәресіне жетті.

Ел құрамасы сапында бақ сынаған жамбылдық қазақ күресі шеберлері жоғары спорттық нәтижеге қол жеткізді.

Әйелдер арасында +77 келіде Шегенова Арайлым Азия чемпионы атанса, Танжарыкова Ұлдана (65 кг) және Байгараева Сағат (52 кг) күміс жүлдеге ие болды сондай-ақ, ерлер сапында 90 келі салмақта Бескемпір Айдар құрлық додасын қола жүлдемен қорытындылады.

Жалпыкомандалық есеп:

І орын - Қазақстан (10 алтын, 4 күміс, 2 қола, 360 ұпай)
ІІ орын - Өзбекстан (4 алтын, 2 күміс, 2 қола, 250 ұпай)
ІІІ орын - Қырғызстан (1 алтын, 4 күміс, 2 қола, 189 ұпай)