Ресми шараны дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ернар Ибраимов ашып, спортшыларға сәттілік тілеп, ізгі тілегін білдірді.
Салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушылары Дамир Буданбеков, Тәуірбек Қарауылтегі және Мырзағали Айтжанов қатысты.
Тараз қаласында “А” тобының жеңімпазы анықталады.
Әулиеата шаршы алаңында Түркістан, , Алматы , Жамбыл облыстарының және Шымкент, Алматы қалаларының былғары қолғап шеберлері кім мықтыны анықтауда.
Айта кетейік, жарыс 27-ші қыркүйекке дейін жалғаспақ.