«АҚ БИДАЙ» VIII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫ

«АҚ БИДАЙ» VIII РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АУЫЛ СПОРТЫ ОЙЫНДАРЫ

Алматы облысында жалауы желбіреген «Ақ бидай» республикалық ауыл ойындары осымен өз мәресін жетті.

Жамбылдық құрам жеңіс үшін барын салып, жалпы командалық есепте бесінші орынға тұрақтады.
Әулиеаталықтардан 20 спорт түрінен 150 - ге жуық спортшы қатысқан болатын. Жарыстың соңғы күніне дейін жалпы командалық есепте 3 - 4 орынды БҚО бөлісіп келді.

Жарыс барысында құсымыздың қанаты сынды, шабандозымыз аттан құлады, мандат комиссиясының шешімімен бірқатар спортшыларымыз шеттетілді...

Соған қарамастан көкпар, кіші футбол, кикбоксинг, армрестлинг, асық ату, бес тас, жамбы ату, теңге ілу, аударыспақ спорт түрлері бойынша қатысушыларымыз өз бабында болып, жанкүйерлер көзайымына айналды.

Қалған спорт түрлері бойынша да жамбылдық спортшылар жеңісті жақындатуға барын салды, жеңіске деген құштарлықтарымен ерекшеленді.
Басқа өңірлерден келген әріптестеріміз облыс спортшыларының жеңісіне таңданыстарын жасырмады. Әсіресе көкпар, кіші футбол, кикбоксинг, асық ату, армрестлиг жеңіс тұғырынан көрінді. Алдағы уақытта өзге өңірлер тәжірибе алмасуды ұсынды.

«Әулие-Ата» спорт клубы жасақтаған көкпаршылар рекордттық көрсеткіш тіркеді. Нақтырақ 2005 жылдан Ақбидай ойындары басталғалы бері жеңіліссіз келеді.

Ал Байзақ ауданының аяқ допшылары яғни футболшылары 2017, 2021, 2025 жылдары ұйымдастырылған ойындарда бір құраммен қатысып, қатарынан үш дүркін жеңімпаз атанды.

Барлық қатысушы спортшыларға шынайы алғысымызды білдіреміз!

🇰🇿Жамбыл спорты жасасын!

Айта кетейік, келесі Ақ бидай республикалық ауыл ойындары 2029 жылы Солтүстік Қазақстан облысында өтетін болады