Құралбай Іңкәр – Азия чемпионы!

Құралбай Іңкәр – Азия чемпионы!

2025 жылғы 11-14 қыркүйек аралығында Индонезияның астанасы – Джакарта қаласында жастар арасында дзюдодан Азия чемпионаты жоғары деңгейде өтті. Бұл жарыста құрлықтың ең үздік жас балуандары бас қосып, өзара мықтыны анықтады.

Қазақстан намысын абыроймен қорғаған Құралбай Іңкәр 48 кг салмақ дәрежесінде сынға түсіп, барлық қарсыластарынан басым түсіп, алтын медальді жеңіп алды!

Осылайша ол Азия чемпионы атанып, ел мерейін үстем етті.

Бұл жеңіс – спортшымыздың табандылығы мен қажырлы еңбегінің, сондай-ақ оның жеке бапкері, білікті маман Фарида Тастекованың шеберлігі мен тәлімінің жемісі.

Біз Құралбай Іңкәр мен оның бапкерін шын жүректен құттықтай отырып, алдағы байрақты бәсекелерде де сәттілік, жаңа жеңістер мен биік шыңдарды бағындыруларын тілейміз!

🇰🇿 Қазақстанның көк туы әлемдік ареналарда әрдайым биіктен желбірей берсін!