Қоян-қолтық ұрыстан Жамбыл облысының ашық чемпионаты

Қоян-қолтық ұрыстан Жамбыл облысының ашық чемпионаты

Күштік құрылымдар арасында қоян-қолтық ұрыстан Жамбыл облысының ашық чемпионаты аяқталды.

Ж. Үшкемпіров атындағы “Тараз-Арена” спорт сарайында жарыстың ресми ашылу салтанаты ұйымдастырылды.

Ресми шараны Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Серік Сәлемов ашып, қатысушы спортшыларға ізгі тілегін білдіріп сәтттілік тіледі.

Жалпы жарысқа Ұлттық қауіпсіздік комитеті Жамбыл облысы бойынша департаменті, Қарулы Күшері «Оңтүстік өңірлік қолбасшылығы» Жамбыл облысы полиция департаменті, ҚР ҰҮ 5513 әскери бөлімі, Қылмыстық атқару жүйесі департаменті, Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі, Төтенше жағдайлар департаменті, Мемлекеттік күзет қызметі басқармасы, Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің командаларының спортшылары қатысуда.

Бұл жарыстың ерекшелігі – ол еліміздің басты мерекелерінің бірі, Қазақстан Республикасының Конституция күні қарсаңында өткізіліп отыр.

Ата Заңымыз – мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен тұрақтылығының, әрбір азаматтың құқығы мен бостандығының кепілі. Конституцияны құрметтеу – біздің ортақ парызымыз, ал оны қорғау – күштік құрылымдардың қасиетті міндеті.