Ұлттық қауіпсіздік подполковнигі Әділбай Дастан Әділбайұлын еске алуға арналған күш құрылымдары, құқық қорғау және мемлекеттік органдар арасында ұйымдастырылған «Dastan Cup» облыстық турнирі өз мәресіне жетті.
Бұл турнир – ерлік пен адалдықтың үлгісін қалдырған Дастан Әділбайұлын еске алу ғана емес, сонымен бірге спорт арқылы ынтымақ пен достықты нығайтатын маңызды шара.
Турнир чемпионы атағын 11 команда сарапқа салған болатын.
Жеңімпаз жүлдегерлер:
I орын: ҚР ҰҚК ЖД
II орын: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 'Оңтүстік' өңірлік қолбасшылығы
III орын: Төтенше жағдайлар департаменті ЖО