Қазақстанда жыл сайын тамыз айының үшінші жексенбісінде еліміздің спорт саласының қызметкерлері мен ардагерлері, жаттықтырушылар, спортшылар және спорт сүйер қауым «Спорт күні» кәсіби мерекесін атап өтеді. Бұл мереке – салауатты өмір салтын дәріптеуге, бұқаралық спортты дамытуға және еліміздің атын әлемдік аренада асқақтатып жүрген чемпиондарымыздың еңбегін бағалауға арналған маңызды күн.
Осы орайда мереке қарсаңында салтанатты жиын өтті.
Ресми шарада ел спортына, оның ішінде өңір спортына үлес қосып жүрген біршама азаматтар Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен,
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің «Құрмет грамотасымен», «Алғыс хатымен», Жамбыл облысы әкімінің
«Құрмет грамотасымен», «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одақ» қоғамдық бірлестігінің «Еңбек даңкы» төсбелгісімен, «Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одақ» қоғамдық бірлестігінің «Спорт саласының кәсіподақ үздігі» төсбелгісімен, Жамбыл облысы әкімінің «Алғыс хатымен», Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының «Алғыс хатымен» марапатталды.