Аударыспақтан ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды

Аударыспақтан ересектер арасындағы  Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды

Тараз қаласында  аударыспақтан ересектер арасында Қазақстан Республикасының XXIV чемпионаты басталды.

«Әулие-Ата» ипподромында дүбірлі доданың ашылу салтанаты өтті. Ресми шараға дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ернар Ибраимов, аударыспақтан ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы Байбуриев Нұркен, ЖО аударыспақ федерациясының президенті Қуан Құрамаев қатысып, бақ сынап жатқан спортшыларға сәттілік тілеп, ізгі тілектерін білдірді.

Бұл додада еліміздің әр өңірінен іріктеліп алынған ең мықты шабандоздар бас қосып, ұлттық өнердің озық үлгісін көрсетпек.

Ел чемпионатына 9 салмақ дәрежесі бойынша 139 спортшы қатысуда.

Айта кетейік, аталған бәсеке 4-ші шілдеге дейін жалғаспақ.