Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында Шерхан Мұртаза атындағы облыстық спартакиада

Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері арасында Шерхан Мұртаза атындағы облыстық спартакиада

Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы кәсіби мереке - 28 маусым Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) қызметкерлері күніне орай, дәстүрлі Шерхан Мұртаза атындағы облыстық спартакиада аяқталды.

Спорттық шара өңірдегі БАҚ өкілдері арасында салауатты өмір салтын насихаттау, әріптестік байланысты нығайту және ұлт руханиятының асыл мұрагері, көрнекті жазушы, журналист Шерхан Мұртазаның шығармашылығын ұлықтау мақсатында ұйымдастырылуда.

Спартакиадаға бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерінен жасақталған 11 құрама  қатысқан болатын.

БАҚ өкілдері  спорттың волейбол, арқан тартыс, қол күресі, дойбы, эстафеталық жарыс (4*100 м), үстел тенисі сынды түрлерінен өзара кім мықтыны анықтады.

 

Жалпы командалық есепте:

I орын: "ПД баспасөз қызметі" командасы

II орын: "Салық тәртібі" командасы

III орын: "Taras PRESS" құрамасы