ТАРАЗДА ТАРИХИ ТУРНИР БАСТАУ АЛДЫ

ТАРАЗДА ТАРИХИ ТУРНИР БАСТАУ АЛДЫ

Бүгін Тараз қаласындағы №6 ОМБЖСМ спорт кешенінде Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлын еске алуға арналған бокстан халықаралық турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтті!

Бұл турнир — ерлік пен спортты ұштастырған айтулы дода.

Жас былғары қолғап шеберлері 14 түрлі салмақ дәрежесінде күш сынаспақ.

Жарысқа АҚШ, Иран, Өзбекстан, Тәжікстан, Оман сұлтанаты, Ресей және Қырғыз Республикасының сондай-ақ, еліміздің түкпір-түкпірінен келген талантты спортшылар қатысуда.

 Ашылу рәсімінде құрметті қонақтар жылы лебіздерін білдіріп, жас спортшыларға сәттілік тіледі.

Айта кетейік, аталған бәсеке қазан айында өтетін жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарына іріктеу болып табылады.