Астана қаласындағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде Қазақстан кубогынан еркін күресте 5 салмақта жүлдегерлердің есімі анықталды.
Жамбыл облысы құрамасынан 57 келіде ӘДІЛЕТ ӘЛМҰХАМЕДОВ пен аса ауыр 125 келі салмақта ӘЛІШЕР ЕРҒАЛИ жеңімпаз атанды.
Бұдан бөлек бүгінгі жарыс күнінде Аширов Мейіржан (70 кг), Қуанышбай Елдос (74 кг), Ергеш Даулет (79 кг) финалдық кезеңге жолдама алды. Сондай-ақ, 61 келідегі Нұрланбек Әбдінұр қола жүлдеге таласатын болады сонымен қатар, жұбаныш белдесуінде Билял Даниал (70 кг), Әжіқұл Нұрдаулет (79 кг) күреспек.