ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы өткен 2023 жыл бойынша үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы мәліметтерді «ҮЕҰ Дерекқорына» ұсынудың кезекті мерзімі 2024 жылғы 1 қаңтардан басталатынын ескертеді.

ҚР «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес мәліметтер жыл сайын 31 наурызға дейін ұсынылады.

ҮЕҰ Дерекқорына мәлімет ұсыну мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар аясында әлеуметтік бағдарламаларды және (немесе) әлеуметтік жобаларды іске асыруға, сондай-ақ ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт.

Мәліметтер Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру Қағидаларына сәйкес ұсынылады (ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2022 жылғы 21 қыркүйектегі № 402 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2022 жылғы 22 қыркүйекте № 29765 болып тіркелді).

ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы және анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына (Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы Кодексінің 489-1-бабы) сәйкес тиісті әкімшілік жауапкершілік көзделген.