2021 жылдың 9 ақпанында облыс әкімінің орынбасары Е.Жылқыбаевтың төрағалығымен Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының 2020 жыл жұмыстары қорытындысы мен 2021 жылға арналған міндеттері туралы кеңейтілген алқа мәжілісі өтті.

Алқа мәжілісіне карантин талаптарын және әлеуметтік арақашықтықты сақтай отырып, Басқарма басшылығы мен жауапты мамандары, Тараз қаласы және аудандық халықты жұмыспен қамту орталықтарының директорлары, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерінің басшылары қатысты. Сондай-ақ, онлайн режимде қала мен барлық аудан әкімдерінің орынбасарлары қосылды.
Басқарма басшысы Ж.Баубековтың 2020 жылы атқарылған жұмыстар мен 2021 жылға қойылған міндеттер туралы есебі тыңдалды. Облыс әкімінің орынбасары Ержан Жұматұлы Басқарманың өткен жылы атқарған жұмыстарына оң бағасын беріп, кейбір бағыттарда кемшіліктерге жол берген Тараз қаласы мен бірқатар аудан әкімдері орынбасарларының есебін тыңдады.
Алқа соңында облыс әкімінің орынбасары тарапынан Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы, жұмыспен қамту жол картасы, әлеуметтік төлемдер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсету жұмыстары бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.