Назарларыңызға!!!

Назарларыңызға!!!

Содержание спойлера

     Еліміздің барлық өңірлері тұрғындарының алаяқтық схемаларға жазбаша да, телефон байланысы арқылы да шағымдары бойынша жағдайлар жиілеп кетті.

    Бұл жағдайда алаяқтар ықтимал құрбандардың ұялы нөмірлеріне шығып, Еңбекмині қызметкерлері ретінде өздерін таныстырып, Үкіметтің қарыз жүктемесін азайту жөніндегі ойдан шығарылған бағдарламасын таратуда. Яғни алаяқтар қаражаттың бір бөлігін олардың шоттарына аударған жағдайда мемлекеттік қаражат есебінен несиелер бойынша бар берешекті толық өтеуге уәде береді.Зардап шеккен С.С. Құсайыноваға қатысты жалған тұлғалар әрі қарай 800 мың теңге алу үшін 200 мың теңге көлемінде несие алуға мәжбүр етті (Құсайыновадан толық ақпараты бар хат қоса беріледі).

  Бұдан басқа, өздерінің мақсаттарына жету үшін әлеуетті құрбандарға олар қолдан жасалған бланк пен Министрліктің мөртаңбасын пайдалана отырып, Қазпошта арқылы ресми хаттар жібереді.Төменде азаматша Төреқұлова Шарапат Бөрібайқызына жіберілген қолдан жасалған хатты қоса береміз, хатта Еңбекминінің қолдан жасалған бланкісі пайдаланылады (халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімімен толықтырылған) және оған халыққа әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің белгілі бір басшысы А.Е. Қасымов қол қояды.

    Осыған байланысты, осы істі алаяқтық схема тұрғысынан қарауды және қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат таратуға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 274-бабы бойынша кінәлі адамдарды жауапкершілікке тарту қажет деп санаймыз.