«Спорт жансерігің» тақырыбында  спорттық жарыс өткізілді

«Спорт жансерігің» тақырыбында  спорттық жарыс өткізілді

     2021 жылдың 20 қаңтарында Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының "Жамбыл облыстық мүгедек балаларды оңалту және бейімдеу орталығы» КММ-сі орталықтың кіші топ балаларымен «Спорт жансерігің» тақырыбында  спорттық жарыс өткізді. Елімізде болып жатқан пандемияға байланысты, барлық гигиеналық талаптар сақталынып, жарыс барысында бала саны 15 баладан аспады. Балалар «Қыран» және «Сұңқар» тобы болып, екі топқа бөлініп, түрлі спорттық  ойындар ойнады. Әр ойын кезеңі смайликтер арқылы  бағаланып отырылды. Жарыс барысында балаларды қуанту үшін, кейіпкер ретінде сайқымазақ қонаққа келді. Балалармен бірге жаттығу жасап, би биледі. Түрлі ойындар ойнап балалардың көңілдерін көтеріп, мәз - мейрам болды. I орынды «Қыран» тобы иеленсе, II орынды  «Сұңқар» тобы иеленді. Барлық балалар  медальдармен марапатталды.