«Заң мен тәртіп» қағидаты – қызметтік жауапкершілік пен қоғамдық сенімнің негізі

«Заң мен тәртіп» қағидаты – қызметтік жауапкершілік пен қоғамдық сенімнің негізі

Басқарма басшысының орынбасары Абдибекова Айтолқын төрағалығымен өткен жиында «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асырудың маңызы кеңінен талқыланды. Басқосу барысында құқықтық мемлекет құрудағы бұл қағидаттың орны, мемлекеттік қызметшілердің жауапкершілігі және қызметтік тәртіпті нығайту мәселелері сөз болды.

Жиында атап өтілгендей, «Заң мен тәртіп» қағидаты – қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың басты тетігі. Бұл ұстаным Қазақстан Республикасында заң үстемдігін қамтамасыз етуге, мемлекеттік институттарға деген сенімді арттыруға бағытталған маңызды идеологиялық негіз болып табылады.

Заңның үстемдігі әрбір азаматтың, соның ішінде мемлекеттік қызметшілер мен лауазымды тұлғалардың өз қызметін қолданыстағы заңнама талаптарына қатаң сәйкес жүзеге асыруын көздейді. Аталған қағидатты сақтау мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттырып қана қоймай, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға, қоғамдық тәртіпті нығайтуға және құқықтық мәдениетті дамытуға ықпал етеді.

Жиын барысында мемлекеттік қызметшілер үшін заңдылықты сақтау ерекше маңызға ие екені айтылды. Қабылданатын әрбір шешім әділдікке, ашықтыққа және заң талаптарына негізделуі тиіс. Қызметтік міндеттерді адал әрі кәсіби орындау – азаматтардың мемлекетке деген сенімін қалыптастыратын негізгі факторлардың бірі.

Сонымен қатар, «Заң мен тәртіп» идеологиясын қоғамда кеңінен насихаттау құқық бұзушылықтардың алдын алуға, әсіресе жастардың құқықтық сауаттылығын арттыруға мүмкіндік беретіні атап өтілді. Бұл бағыттағы жұмыстар азаматтық қоғам институттарымен, білім беру ұйымдарымен және бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе жүзеге асырылып келеді.

Жиын қорытындысында қызметкерлердің құқықтарын қорғау мәселесіне де ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, жалақының уақытылы төленуі, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау талаптарының сақталуы, жұмыс уақыты мен демалыс тәртібін қамтамасыз ету, әлеуметтік кепілдіктер беру, сондай-ақ жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек дауларын заң аясында шешу – басқарма қызметінің маңызды бағыттарының бірі екені айтылды.