Шымкент пен Қарағанды облысында Бірыңғай цифрлық платформасында 6 мемлекеттік орган желісі бойынша 11 мемлекеттік қызмет түрін ұсыну пилоттық жобасын іске асыру басталды. Бұл жерде жергілікті атқарушы органдар ұсынатын қосымша қолдау түрлері жайында айтылып тұр. Оларды тағайындау кезінде скорингтік модель – үй шаруашылықтарының әл-ауқат деңгейін бірқатар критерийлер бойынша бағалайтын жүйе қолданылады.